АҚШ-та өткен US Open турнирінде қызық жағдай болды. Польша бизнесмені жас жанкүйердің қолындағы теннисшінің қолтаңбасы қойылған кепканы тартып алған. Бұл сәт видеоға түсіп қалып, желіде тарап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz indiatimes.com-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар кәсіпкердің әрекетін айыптап, оның компаниясына жаппай 1 жұлдызды пікірлер қалдырды. Қоғам қысымынан кейін ол «интернеттегі басты жауға» айналды.
Алайда бұл оқиға жақсы жаңалықпен аяқталды. Видеоны көрген спортшы кепкасыз қалған балаға өзі хабарласып, қолтаңбасы қойылған жаңа бас киімді сыйға тартты.