Астана автобустарына 1 шілдеден бастап тегін интернет қосылады

Астана автобустарына 1 шілдеден бастап тегін интернет қосылады

Астана автобустарына 1 шілдеден бастап тегін интернет қосылады
ашық дереккөзі
214

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласының автобустарында тегін Интернет қосылады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Beeline Казахстан»-ның бас директорының қызметін атқарушы Тарас Пархоменкомен кездесу өткізіп, 2015 жылы Астана қаласының 100 автобусына тегін интернет жүргізуге келісті. Әкімдікте 50 автобустың жолаушылары аталған қызметті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолдана алатындығын айтты. Ал, қалған 50 автобусқа интернет 1 қазаннан бастап қосылады. «Бүгінде смартфон және планшеттерді қолдану өсіп келеді. Тұрғындарға расымен де, тегін интернет ауадай қажет. Аталған жобаның ерекшелігі — жолаушылар қай оператордың қолданушысы болса да, тегін интернетке қол жеткізуге мүмкіндік алатын болады», — дейді Әлиев. Бұл бастама алғаш Алматы қаласында іске асты. 2015 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласының трамвайлары мен троллейбустарына тегін Wi-Fi орнатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары