«Жасырмағаным жақсы емес пе?»: Абай Бегейдің кіші қызы тағы да сынға қалды

/
«Жасырмағаным жақсы емес пе?»: Абай Бегейдің кіші қызы тағы да сынға қалды
коллаж :turkystan.kz

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі ақтаулық блогер Сымбат жүктілігі жайлы жазба жариялады.

"Жүктілік жайында. Бүгін ровно 30 апта болдық, жүктілігім жайында сұрақ көп, соларға отырып алыыып жауап берейін. Менде 9 аптадан бастап 16 аптаға дейін токсикоз болды. 16 аптаға дейін әрең жүрдім, қатты арықтап кеттім. Күнімнің жартысы сабақта өтеді, туалет пен кабинеттің ортасында айналшықтап жүрдім. Салмақ қосудың орнына -4 кг тастадым. Бетімнен скулыларым қатты шығып, иммунитетім досвидание дедіғо. Токсикозым аяқталды дегеннен қазірге дейін өзімді күшшті сезініп жүрмін. Дым сезінбей, дискомфорт жоқ, витаминдерімді уақытылы ішіп дегендей. Салмақты да соңғы апталары қосқаным болмаса тым жақсы жүкті болып билеп, өлең айтып, смело қозғалып, күнде түнде жүріп жүрмін таза ауада", - деді блогер.

Бұл жазбаға сын айтушылар да табылып, жүктілікті жасырын сақтау абзал екен ескертті. Ал желі жұлдызы әрекетін ақтауға тырысты.

"7 айына дейін барынша жасырдым. Басымда туылғаннан кейін бір бөлісем деген ой болды. Бірақ гендер патидің видеосы тарап кетті біреулер арқылы, сомен сіздермен бөлісуге тура келді. Оның үстіне сіздер менің екінші отбасымдайсыздар. Барлығымен бөлісіп, ештеңе жасырмай жүргенім жақсы емеспе?", деп жауап берді Сымбат Абайқызы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары