Зумерлер дәстүрлі мансап жүйесін өзгертіп жіберді: олар ыңғайлы кеңсе мен дәстүрлі табысқа емес, мансаптық минимализм мен икемді кестеге мән береді, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune-ге сілтеме жасап.
Жас ұрпақтың шынайы амбициясы қосымша жобаларға бағытталған: зумерлердің 57%-ы екінші жұмыс немесе өз бизнесімен айналысады, ал бумерлерде бұл көрсеткіш 21% ғана. Формула қарапайым: 9:00-17:00 аралығында ақша үшін жұмыс істейміз, 17:00-21:00 аралығында армандаған жобалармен айналысамыз.
Work-life balance қазіргі кезде талапқа айналған: жас ұрпақтың 58%-ы жаз мезгілінде белсенділігін азайтса, ересек әріптестердің тек 39%-ы ғана демалады.
Сыншылар мұны жалқаулық деп атаса, зерттеушілер бұл жұмыс нарығындағы жағдайға реакция деп санайды: көп жұмыс істеу табысқа тең емес.