Ауғанстанда жер сілкінісі болды

/
Ауғанстанда жер сілкінісі болды
istockphoto

27 тамыз күні Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша 18:27-де (Гринвич уақытымен 13:27-де) тіркелген.

Сейсмологтардың дерегіне сәйкес:

Эпицентрдің координаттары: 37.07° солтүстік ендік, 71.30° шығыс бойлық;

Магнитудасы: mb = 4.9;

Энергетикалық класы: K = 13.2;

Тереңдігі: 198 км.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары