Назым Қызайбай желі қолданушыларына күлкі сыйлады (ВИДЕО)

/
Назым Қызайбай желі қолданушыларына күлкі сыйлады (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде қызықты видео жариялап, салмақ тастауға қатысты өзіндік әзілін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнероликтің басында ол қырыққабат, брокколи мен алма жеп, «арықтасам, бәрі таңғалады» деп өз-өзіне сенімділік білдіреді. Бірақ кешкісін спортшы «өмір бір-ақ рет, рахаттану керек» деп айтып, түнге таман бургерден дәм татқан сәті бейнеленген.

«Ертең бастаймын… Бірақ ертең жұма, демек дүйсенбіден кірісемін», – дейді ол әзілдеп.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары