Қарағанды облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылуын тексерді. Нәтижесінде 12 шаруаның 60 тоннадан астам картопты тауар биржасынан тыс сатып келгені анықталды.
Заң бойынша, мұндай көлемдегі жаңа немесе салқындатылған картоп тек биржа арқылы сатылуы керек. Ереже бұзғандарға жалпы сомасы 14,7 млн теңге айыппұл салынды.
Енді өңірде 60 тоннадан асатын картопты тек биржа арқылы сату міндеттеледі. Бұл бәсекелестікті арттырып, бағаның ашық қалыптасуына мүмкіндік береді.