Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды
Қайғылы жағдай станциядағы монтаж жұмыстары кезінде орын алған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, қалғандары түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция департаменті.