Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

/
Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Бүгін Ресей Федерациясының Саранск қаласында өтіп жатқан жасөспірім ұлдар арасындағы XIV әлем чемпионатының, сондай-ақ жасөспірім қыздар арасындағы X әлем чемпионатының жарыстары жалғасын тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үшінші кезең 4х100 метр өрт эстафетасы сайысында жалғасты. Қатысушылар жоғары дайындық пен мықты бәсекелестікті көрсетті.

  Қыздар құрамасы Беларусь, Болгария, Ресей және Словакия спортшыларымен сынға түсіп, төртінші орынға ие болды.

  Ал ұлдар арасындағы тартысты додада Беларусь, Ресей, Словакия және Қазақстан құрамалары медаль үшін сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

  Қазақстан Республикасының құрамасы Шығыс Қазақстан облысынан Никита Боков,  Артём Виноградов, Радмир Каримов, Астана қаласынан Юсуф Мұратұлы.

  Бұл нәтиже жас спортшыларымыздың рухының мықтылығын, кәсіби шеберлігін және жоғары деңгейдегі дайындықтарын айқын көрсетті.

  Ертең чемпионаттардың шешуші күні өтеді, қатысушылар жауынгерлік қанат жаю сайысында бақ сынайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары