Алматы әуежайының терминалында ер адам өз-өзіне от қойған. Полиция қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметі өртті сөндірді, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«2025 жылдың 25 тамызы күні сағат 22:06-да Алматы қаласы әуежайының Т-1 терминалында ер адам касса маңында өзін-өзі өртемек болды», – делінген хабарламада.
Аталған жағдайға байланысты полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдаған: өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді.