Павлодарда 2 жасар бала биіктен құлап кетті

/
Павлодарда 2 жасар бала биіктен құлап кетті
istockphoto.com

Павлодарда 2023 жылғы бала екінші қабаттан құлап, түрлі жарақаттар алды. Жедел жәрдем зардап шеккен баланы шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«22 тамыз күні сағат 17.15-те балалар ауруханасына 2023 жылғы бала жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен баланы тексеріп, жабық бас-ми жарақатын, бас миының соққы алғанын, оң жақ иығының сынғанын анықтады. Әрі құрсақ тұсы жарақаттанған. Ол травматологиялық бөлімшеге жатқызылды», – деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан.

Медицина қызметкерлері баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын жеткізді. Қазіргі уақытта ол барлық қажетті емді алып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары