Жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға SMS хабарлама жіберіледі

/
Жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға SMS хабарлама жіберіледі
istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарлама жібереді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары