Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлде алды

/
Дмитрий Панарин бадминтоннан халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Olympic.kz

Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары