Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел көз жұмды

/
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел көз жұмды
istockphoto.com

24 тамызда Павлодарда жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сағат 22:06-да облыстық жедел жәрдем станциясына Назарбаев даңғылында тұрған көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мекенжайға келген дәрігерлер шамамен 30-35 жастағы әйелдің жан тапсырғанын тіркеді. Ол биіктен құлап, алған   жарақаттары салдарынан көз жұмды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары