Ақтаулық жігіт Тбилисиге ұшып барғаннан кейін жоғалып кетті

/
Ақтаулық жігіт Тбилисиге ұшып барғаннан кейін жоғалып кетті
скриншот

Ақтаулық отбасы 20 жастағы Жақсылық Даниярды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Волонтерлердің мәліметінше, 2005 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласында тұрады. 2025 жылдың 20 тамызында ол түнгі рейспен Ақтау – Тбилиси бағыты бойынша ұшып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Оны көрген немесе ол туралы мәлімет білетін жандардан 8 700 499 72 92 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары