Турист әйел 100 миллион жылдық бағалы інжу тауып алған

/
Турист әйел 100 миллион жылдық бағалы інжу тауып алған
сурет: Michelle Johnston

Аустралияның Квинсленд штатында турист әйел табиғатта сирек кездесетін бірегей қазына – шамамен 100 миллион жылдық інжуді тауып алды. Диаметрі екі сантиметрге жуық бұл артефакт Ричмонд аймағында анықталған. Аталған өңір палеонтологиялық тұрғыдан аса маңызды жаңалықтарға бай мекен ретінде белгілі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Университет ғалымдары екі жылға жуық уақыт бойы жәдігерді зерттеп, оның шын мәнінде окаменелген інжу екенін дәлелдеген. Квинсленд университетінің профессоры Грегори Уэбб бұл табысты «ғылыми тұрғыдан өте құнды» деп бағалады.

Інжу ежелгі Эроманга теңізінде тіршілік еткен алып моллюск Inoceramus-тың қабығында пайда болған. Минералдық құрамының ерекшелігіне байланысты ол миллиондаған жылдар бойы өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған.

Турист әйел бұл артефактіні алғаш рет 2019 жылы Ричмондтағы «Кронозавр Корнер» музейінде еріктілерге арналған қазба жұмыстарына қатысқан кезінде кездейсоқ тауып алған. Ғалымдардың айтуынша, бұл – Аустралияда табылған бар-жоғы үшінші көне інжу, әрі алғаш рет осындай ірі көлемде анықталып отыр. Бұған дейін Кубер-Педи аймағынан табылған екі інжу едәуір кіші болған.

Қазіргі таңда тарихи жәдігер Ричмонд музейінде көпшілік назарына ұсынылған. Мамандардың пікірінше, мұндай олжалар ежелгі жануарлардың климаттық өзгерістерге қалай бейімделгенін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол қазіргі экожүйелердің де қоршаған ортаның өзгерісіне ықтимал реакциясын болжауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары