Ош қаласында ұлы қазақ ақыны, ағартушы, жазба әдебиеттің негізін қалаушы, композитор Абай Құнанбайұлының есімін Волгоград және Тимирязев көшелеріне беру ұсынылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл бастама қоғамдық талқылауға шығарылды. Айта кетсек, бұған дейін Волгоград және Тимирязев көшелері біріктіріліп, қазір бір ғана көше болып есептеледі.
«Ош қаласындағы көшеге Абай Құнанбайұлының есімін беру – ұлы ақынның мұрасына құрмет көрсету әрі жастарды білім мен мәдениетке шақыру. Бұл қадам екі халық арасындағы бауырластық пен достық қатынастың айқын көрінісі», – деп атап өтті Ош қаласының мэрі.