Алматы облысында тіс емханасынан өрт шықты (ВИДЕО)

/
Алматы облысында тіс емханасынан өрт шықты (ВИДЕО)
112

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында сауда үйінің екінші қабатында орналасқан стоматологиялық кабинеттен өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 шұғыл қызметінің пультіне келіп түскен. Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

Құтқарушылар өрт ошағын оқшаулап, жалынның ғимараттың басқа бөлмелеріне таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Жалынның ғимараттың өзге бөліктеріне таралуына жол берілген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары