Киви тамақты тез қорытады – Еурокомиссия ресми түрде растады

/
Киви тамақты тез қорытады – Еурокомиссия ресми түрде растады
сурет: istockphoto.com

Еуропалық комиссия жасыл кивидің ас қорыту жүйесіне пайдалы екенін ресми түрде растады. Енді кивиді «ішек жұмысын қалыпқа келтіріп, тамақты тез қорытады» деп жарнамалауға рұқсат берілді. Осылайша, ЕО тарихында алғаш жеміс денсаулыққа қатысты ресми мәртебеге ие болып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, күн сайын екі киви жеу (шамамен 200 грамм) ішектің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұған 15 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеулер негіз болған.

ЕО-да тағам мен денсаулық арасындағы байланысты ресми түрде айтуға қатаң талап қойылады. Әрбір мәлімдеме ғылыми деректермен дәлелденуі тиіс, әйтпесе өндірушілер өнімінің пайдасын жарнамалай алмайды. Соңғы бес жылда бар-жоғы үш қана жаңа денсаулыққа қатысты мәлімдеме мақұлданған. Ал өтініштердің сегізден бірі ғана ғылыми сүзгіден өтеді.

Мысалы, кальцийдің сүйекке пайдасы немесе С дәруменінің иммунитетті күшейтуі секілді танымал мәлімдемелер ресми түрде бекітілген. Ал «пробиотиктер ас қорытуға пайдалы» деген сөзді йогурт өндірушілер қолдана алмайды, себебі дәлел жеткіліксіз деп есептеледі.

Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (EFSA) 2021 жылы жасыл кивидің ас қорытуға әсерін нақты дәлелдеді. Осыдан кейін ЕО тұтынушыға түсінікті етіп «тамақты тез қорытады» деген ресми түсіндірме бекітті.

Zespri International компаниясының бас директоры Джейсон Те Брейктің айтуынша, бұл шешім кивидің денсаулыққа пайдасын әлемге кеңінен танытуға жол ашады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары