Белгілі суретші Ағымсалы Дүзелханов қайтыс болды

/
Белгілі суретші Ағымсалы Дүзелханов қайтыс болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл турлы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Ағымсалы Дүзелхановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қазаға ортақтасып, отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғырып көңіл айтады.

Ағымсалы Дүзелханұлы – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған бірегей суретші. Ол шығармалары арқылы халқымыздың рухын, замана тынысын айшықтап, ұлттық өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсті. Ұрпақ тәрбиесіне де өлшеусіз еңбек сіңіріп, талай жас суретшінің кәсіби жолын айқындауына жол ашты.

Өмірден озғанына қарамастан, оның мол мұрасы мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгілік сақталады.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары