Алматыда 60 жастағы әйел жоғалып кетті

/
Алматыда 60 жастағы әйел жоғалып кетті

Lider.kz еріктілері 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалған әйелге іздеу жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіріліп жатқан азаматша – Петрова Елизавета Владимировна, 1965 жылдың 28 қазанында туған. Биылғы жылдың 8 тамызында ол Іле ауданы, Боралдай ауылы, Шоқанов көшесі, 39-үйден шығып кеткен.

Белгілері: бойы 165–170 см, орта денелі, шашы русый, ара-тұра ақ шалған, көздері қоңыр.

Киімі: жоғалған күні қандай киімде болғаны белгісіз.

Айта кетерлігі, әйелдің бағыт-бағдары шатасқан, психикалық ауытқуы бар.

«Егер сізде із-түзсіз жоғалған әйел туралы ақпарат бар болса, немесе оны кез келген жерде көрген болсаңыз, бізге телефон/WhatsApp арқылы хабарласыңыз: +77013759291, +77051053131 немесе 102», – делінген хабарламада.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары