Cуық тигенде цитрус жемістерін жеуге болмайды – дәрігер

/
Cуық тигенде цитрус жемістерін жеуге болмайды – дәрігер
сурет: istockphoto.com

Жазда да суық тигізіп алатын жағдай жиі кездеседі. Кондиционер, өкпек жел, салқын сусындар мен ауа температурасының күрт өзгеруі тамақтың ауыруына, мұрынның бітелуіне және дене қызуының көтерілуіне әкелуі мүмкін. Көпшілік мұндай жағдайда дәрі-дәрмектен гөрі үй жағдайында емделуге тырысады. Ең кең тараған тәсілдердің бірі – цитрус жемістерін көп тұтыну. Алайда дәрігерлер мұны қате пікір деп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ресейдегі Морозов атындағы балалар клиникалық ауруханасының педиатры, Сеченов университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Павел Бережанскийдің айтуынша, цитрустарды (лимон, апельсин, мандарин) тұмау немесе суық тиген кезде жемеген дұрыс.

Басты себеп – жемістердің құрамындағы қышқыл. Ол шырышты қабықты тітіркендіреді. Ал суық тиген кезде шырышты қабық онсыз да қабынған болады. Қосымша қышқылдық жағдайды одан әрі қиындатып, сауығу процесін баяулатуы мүмкін.

Витамин С-ны брокколи, тәтті бұрыш, қырыққабат, көк шөптер, картоппен алмастыруға болады

Дәрігердің айтуынша, суық тигенде ең бастысы – жылы суды көп ішу, жеңіл тамақтану мен тынығу. Ал витамин С-ны ауру басталған кезде емес, алдын алу мақсатында күнделікті қабылдаған тиімді. Бұл жағдайда ол сырқаттың ұзақтығын 1–2 күнге қысқартуға көмектесуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары