Қытайда ғалымдар бұрын-соңды болмаған жобаға кірісті, олар «жасанды жатыры бар робот» құрастырылып жатыр. Ол болашақта адам ұрығын өсіріп, толық жүктілік кезеңінен өткізіп, тіпті «босандыра» алатын болады, деп хабарлайды turkystan.kz biz.chosun.com-ға сілтеме жасап.
Роботтың ішінде арнайы қорек сұйықтық болады, ол табиғи жатырдың орнын басады. Жоба авторлары мұндай құрылғыны 2026 жылы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Мұндай технологияның алғашқы қадамдары жасалып қойған: 2017 жылы ғалымдар тоқтыны жасанды «биоқапшықта» сәтті өсірген. Енді бұл тәжірибе адамдарға қолданылуы мүмкін деген болжам бар.