"Қуат керек болса, ай сайын ақша төле": Volkswagen көліктеріне жаңа жүйе енгізе бастады

/
"Қуат керек болса, ай сайын ақша төле": Volkswagen көліктеріне жаңа жүйе енгізе бастады
cурет: istockphoto.com

Volkswagen жаңа көліктеріне ерекше жүйе енгізді: енді жүргізушілер автокөлік қуатын «жазылу арқылы» қоса алады, деп хабарлайды turkystan.kz autoexpress.co.uk-ға сілтеме жасап.

Мысалы, жаңа ID.3 Pro моделінің қуаты әдетте 201 ат күші болса, айына 16,5 еуро төлегендерге қосымша 27 ат күші ашылады.

Компания егер біреу бұл функцияны заңсыз «бұзып», тегін қосып алса, сотқа беретінін ескертті. Volkswagen мұндай жазылым жүйесін басқа да модельдерге енгізуді жоспарлап отыр.

Яғни, көліктің қосымша мүмкіндіктері бірден сатылмайды, оларды қалаған адам ай сайынғы төлем арқылы ғана пайдалана алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары