Қытайлық блогер Син Чжилэй өз мысықтарына арнап, метро тұрғызып, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мамандығы инженер ол бұл ғажайып жобасын өзінің YouTube парақшасында таныстырған.
Оның қарауындағы мысықтар енді ғимарат ішінде экскалатормен төмен түсіп, пойызға отырып, қатынай алады. Блогер ол жобаны іске асыруға 4 ай уақыт кетірген. Син кейінгі екі жылы мысықтарға арналған шағын ғимараттар салумен айналысады. Метро стансасы – оның «Мысықтар қалашығы» деп аталатын ірі жобасының бір бөлігі ғана. Онда бильярд клубы, кинотеатр, супермаркет, банк, ойын-сауық саябағы, тіпті көлік тұрағы бар. Ендігі кезекте мысықтар ғимараттар арасында метро стансасы арқылы жүре алады.