«Нұрланға тиіп алған»: желіде Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжановтың видеосы тарады

/
«Нұрланға тиіп алған»: желіде Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжановтың видеосы тарады
Видеодан скриншот

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов пен өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаеваға қатысты желіде қауесет тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған себеп – екеуінің бірге жүрген сәттері түсірілген бейнежазбалардың пайда болуы. Соңғы жарияланған видеода қос өнер иесі достарымен қоштасып, қол ұстасқан күйі кетіп бара жатқанын байқауға болады.

Бұл жайт көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі олардың қарым-қатынасына күмән келтірсе, енді бірі Нұрлан Әлімжановтың жеке өміріне қатысты болжамдар жасады.

«Екеуінің де бөлек семьялары бар адамдар», «Өздері ғой қосуға повод беретін», «Бұл әйел байынан кетіп, Нұрланға тиіп алған. Нұрлан осы үшін семьясынан ажырасып кеткен», «Екеуінің семьясы бөлек болса, осылай жүреді ме, актриса», «Ырбиып жабысып жүрсе бір біріне, жұрт көргенін айтады», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары