Балида өмір сүру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан — Актриса

/
Балида өмір сүру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан — Актриса

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова Бали аралындағы өмірі жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Instagram-дағы оқырмандарының сұрақтарына жауап берген актриса, Балида өмір сүру Алматыға қарағанда әлдеқайда арзан екенін айтты.

«Өз тәжірибем бойынша айтар болсам, Балида өмір сүру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан. Алматыда түрлі шығындарым көп. Ал мұнда тек негізгі қажеттіліктерге – тамақ, жолақы және басқа да ұсақ-түйекке ғана ақша жұмсаймын», – деді Әсел Сәдуақасова.

Сондай-ақ, ол жақын арада киноға түсуді бастайтынын атап өтті:

«Бұл сіз ойлағаннан да тезірек болады», – деді актриса.

Әңгіме барысында өнер иесі Қазақстанды қатты сағынғанын да жасырмады:

«Мен өзімнің сүйікті Қазақстанымды өте қатты сағындым. Былтырғы жылдың қарашасынан бері болмадым. Бірінші рет осынша ұзақ. Қайту уақыты келді деп ойлаймын», – деді ол.


 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары