Тамыз конференциясында алғаш рет еңбек адамдары марапатталды

/
Тамыз конференциясында алғаш рет еңбек адамдары марапатталды
Оқу-ағарту министрлігі

Бүгін елордада «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» Республикалық тамыз кеңесі өтті. Биыл ол ерекше форматта ұйымдастырылды. Білім беру саласы қызметкерлерін дәстүрлі марапаттаумен қатар, алғаш рет жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне де құрмет көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүзеге асырылып, тек педагог еңбегінің ғана емес, сондай-ақ білім беру мен балалардың игілігіне үлес қосатын барлық мамандардың маңызын айқындауды мақсат етті.

Кеңестің екінші бөлімінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үздік білім беру қызметкерлеріне, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне және білім саласымен өзара байланыстағы ұйымдардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады. Марапат иелерінің қатарында мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлері, сондай-ақ полицейлер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар және басқа да мамандар бар. 

 «Білім беру саласы – біз барлық балаларымызды тәрбиелейтін орта. Әркім еліміздің болашағын тәрбиелі, кәсіби құзыретті етуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл – тек педагог қауымның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті», – деп атап өтті өз сөзінде министр Ғани Бейсембаев. 

Сонымен бірге, айрықша табысқа жеткен және басқаруда жоғары шеберлік көрсеткен білім беру ұйымдарының басшылары ведомстволық марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталған еңбек адамдары:

1. Бекишев Құдайберген Жақанұлы - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл бастауыш мектебінің электригі;

2. Мырзаханова Мейрамкүл Мырзаханқызы - Алматы қаласы №56 гимназиясының кіші қызметкері;

3. Арынбеков Қайрат Тұрғанбекұлы - Шымкент қаласы, №66 жалпы орта білім беретін мектебінің ағаш ұстасы;

4. Рахимов Талғат Жакиянұлы - Абай облысы, Ақсуат колледжінің электригі;

5. Жаманов Госман Әнуарұлы - Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы мектеп-гимназиясының кіші қызметкері;

6. Дәуітов Ерболат Алирахымұлы - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебінің кіші қызметкері;

7. Черняева Жұма Нубжанқызы - Атырау облысы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің бас аспазы;

8. Қоғабаев Жеңіс Зайлагиұлы - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің слесарь-жөндеушісі;

9. Ахметова Жайнакүл Нұрланбекқызы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, «Балбөбек» балабақшасының кір жуу машинасының операторы;

10. Жақыпов Ибрахим Сәлімұлы - Қарағанды облысы, Теміртау жоғары политехникалық колледжінің слесарь-сантехнигі;

11. Сартықпаев Еркін Тойкенұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Қалжыр орта мектебінің кіші қызметкері;

12. Аязбеков Мейрамбек Бердібекұлы - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №221 орта мектебінің электригі;

13. Өмірзақова Баян Арзуқызы - Маңғыстау облысы, кіші қызметкері;

14. Нұралинов Айдырбек Қабденұлы - Павлодар облысы, Павлодар ауданы, №2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің электригі;

15. Арқаев Арман Ысқақұлы - Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» слесарь-сантехнигі;

16. Елшібаева Фариза Абдуалықызы - Түркістан облысы, №8 колледжінің кіші қызметкері;

17. Қайырбекова Жібек Өмірбекқызы - Жезқазған қаласының №13 жалпы білім беретін мектебінің кіші қызметкері;

18. Қошқарбаев Нұркен Шыңғожаұлы - Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы, Алғабас орта мектебінің кіші қызметкері;

19. Қаратаева Гүлзат Қайдаулқызы - Астана қаласы № 2 мектеп-гимназиясының кіші қызметкері;

20. Төреханова Гүлшат Бағашқызы - Ақтөбе қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кіші қызметкері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары