Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.