ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

/
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Polisia.kz

ІІМ азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескертеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

" Ішкі істер министрлігі "дропперлікпен" байланысты қылмыстар туралы ескертеді.

Кейбір азаматтар оңай ақша табуды көздеп, заңсыз желілер арқылы есірткі айналымына тартылуда. Ол үшін қылмыскерлер сіздердің банк карталарыңызды, криптовалюта әмияндарын және басқа да төлем құралдарын пайдалануды сұрайды. Бұл әрекеттердің басты мақсаты – есірткі бизнесінің ізін жасыру.

Есіңізде болсын: банк карталарын, мобильді қосымшаларды және криптоәмияндарды үшінші тұлғаларға беру жай қателік емес, бұл ауыр қылмысқа қатысы бар дегенді білдіреді. Егер сіздің картаңыз немесе әмияныңыз есірткімен байланысты қаржылық операцияларда пайдаланылса, бұл дәлел ретінде қаралып, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Мұндай әрекеттер бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі.

Баршаңызды сақ болуға шақырамыз! Алаяқтардың арбауына түспеңіздер. Өзіңізді заңсыз әрекетке тартуға жол бермеңіз. Егер сізде осындай жағдайлар туралы ақпарат болса, дереу полицияға хабарлаңыз. Қауіпсіздік әрбірімізден басталады. Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қауіп-қатерден қорғаңыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары