Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

/
Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
Ukimet

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: «Есеп және аудит» (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және «Ақпараттық жүйелер» (Қазақ технология және бизнес университеті).

Мемлекеттік қызметін 2016 жылы бастаған, цифрландыру және электрондық мемлекеттік қызметтер саласына қатысты түрлі департаменттерде сарапшы және басшы лауазымдарын атқарған. 2025 жылғы ақпан айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары