ЖИ өңештегі қатерлі ісікті адамның дауысынан алдын ала анықтай алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен адамның дауысы арқылы рак ауруын ерте сатысында анықтауға болатынын айтып отыр. Жаңа зерттеуге сәйкес, қысқа дауыс жазбаларын талдау арқылы ЖИ дауыс жолдарындағы қалыптан тыс өскіндерді, зиянсыз түйіншелерден бастап ларингальді (өңеш) рактың алғашқы белгілеріне дейін анықтай алады.
Бұл тәсіл дауыс жолдарындағы ісіктерді жылдам әрі оңай диагностикалауға мүмкіндік беруі мүмкін. Зерттеу авторларының бірі, АҚШ-тағы Оригон Денсаулық және Ғылым Университетінде клиникалық информатика саласында постдок зерттеушісі Филлип Дженкинс:
«Бұл деректер жиынтығы арқылы дауыс биомаркерлерін пайдаланып, дауыс жолдарында зақымдануы бар науқастардың дауыстарын сау адамдардың дауыстарынан ажырата аламыз», – деп түсіндірді.
Зерттеу нәтижелері әлі бастапқы сипатта болса да, болашақта қарапайым дауыс жазбасы арқылы рак ауруын ерте анықтаудың жаңа мүмкіндіктерін аша алады.