Көпке дейін ұйықтай алмайсыз ба? – себеп ішіңіздегі микробтар болуы мүмкін

/
Көпке дейін ұйықтай алмайсыз ба? – себеп ішіңіздегі микробтар болуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Ұйқысыздыққа көбінесе стресс, кофеин, алкоголь, кейбір аурулар немесе дәрілердің жанама әсерлері себеп болады деп саналады. Бірақ жаңа зерттеу көрсеткендей, кейбір ішек бактериялары тікелей ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеу деректеріне сәйкес, ересектердің шамамен 10%-ы тұрақты ұйқысыздықпен ауырады, ал тағы 20%-ы кейде ұйықтауда қиындық сезінеді. Сондай-ақ, ішек микробтарының құрамы мен ұйқысыздық арасында өзара байланыс табылған. Кейбір бактериялар ұйқысыздық қаупін 1-4% арттырса, басқалары 1-3% төмендетеді. Ұйқысыздықпен ауыратын адамдарда 7 бактерия тобы азайған, ал 12 түрі көбейген.

Ішек микробтары – бактериялар, саңырауқұлақтар мен вирустардан тұратын, ағзамызда табиғи тіршілік ететін организмдер. Олар тағамды қорытуға, иммундық жүйені реттеуге және зиянды микробтарды жоюға көмектеседі.

Ғалымдардың болжамы бойынша, ұйқысыздық серотонин мен допамин деңгейіне әсер етіп, ішекте осы нейротрансмиттерлердің өндірісін өзгертеді. Сондай-ақ иммундық жүйе, қабыну және басқа молекулалық механизмдер де қатысуы мүмкін.

Зерттеу шектеулері де бар: қатысушылар негізінен европалық топтан болған, диета мен өмір салты факторлары есепке алынбаған. Бірақ бұл зерттеу ұйқы мен ішек микробтарының арасындағы күрделі өзара байланысты көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары