Молдовада карусель құлады: жеті бала зардап шекті

/
Молдовада карусель құлады: жеті бала зардап шекті
сурет: utamaria / Getty Images

Молдованың Яловень ауданына қарасты Костешты ауылында карусельдің опырылуы салдарынан жеті бала зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

.Ұлттық жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, жасы 3 пен 12 аралығындағы бүлдіршіндер түрлі жарақат алған.

Олардың бесеуі әртүрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа құрылымның шамадан тыс жүктелуі себеп болуы мүмкін.

Дәрігерлер ата-аналарға балалардың аттракциондар мен ойын алаңдарында ойнауы кезінде қауіпсіздікке ерекше назар аударуды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары