Жетісу облысының тұрғыны төрт ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жетісу» телеарнасының мәліметінше, 31 жастағы Альмира Бекеева Алматы қаласындағы Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында төртемді босанды.
Ота арқылы босандыру нәтижесінде Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан есімді төрт ұл өмірге келді.
Сәбилердің салмағы 1,4-1,7 келі аралығында. Ана мен төрт нәрестеге дәрігерлердің ерекше бақылауымен медициналық көмек көрсетілді.