12 тамыз күні Каспий теңізінде жер сілкінді. Сілкініс Атырау уақытымен 12:16-да тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі координаталары: 41.43N, 51.12E. Гипоцентрдің тереңдігі – 74 км.