Атырауда түрме басшылары қателесіп басқа адамды бостандыққа шығарып жіберген

/
Атырауда түрме басшылары қателесіп басқа адамды бостандыққа шығарып жіберген
Атырау абақтысы

Атырау облысының тергеу изоляторында қылмыстық мәні бар қателік орын алды. Бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адам емес, басқа бір сотталушы шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі сотталушының фамилиясы бірдей болған. Босату туралы құжаттарды рәсімдеу кезінде олардың құжаттары шатасып кеткен. Құжаттарға бірнеше басшы қол қойғаннан кейін “бақытты” адам изолятордан кеткен.

Бостандық ұзаққа созылмады: қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адамды қайтадан қайтарып әкелген.

«СИЗО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК келді», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары