Бір сағатта – 20,7 метр: қалақай жеуден өткен чемпионатта жаңа рекорд тіркелді

/
Бір сағатта – 20,7 метр: қалақай жеуден өткен чемпионатта жаңа рекорд тіркелді
сурет: Bridport Town Council

Ұлыбританиядағы Маршвуд елдімекенінде өткен қалақай жеу бойынша әлем чемпионатында Люси Димоди әйелдер арасында жеңімпаз атанып, рекорд жаңартты. Ол ұзындығы 60 сантиметрлік сабақтардан жиналған қалақайдың 20,7 метрін бір сағатта жеп бітірді, деп хабарлайды turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Жарыс Bottle Inn пабында жыл сайын өткізіледі. Ол екі фермердің ең ұзын қалақай өсіру туралы дауының нәтижесінде пайда болған.

Қазір турнирге жыл сайын 40-қа жуық қатысушы жиналады. Ереже бойынша, қатысушыларға бір сағат ішінде барынша көп жапырақ жеу керек, ал сусын ретінде тек сидр ішуге рұқсат.

Ерлер арасында Майкл Хоббс жеңіп, 22,5 метр қалақай жеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары