Бес дүркін «Алтын доп» иегері, саудиялық «Әл-Наср» клубында ойнайтын португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске тоғыз жылға жуық қарым-қатынастан кейін үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Oxu.Az хабарлауынша, 31 жастағы аргентиналық-испандық модель Instagram желісінде үлкен гауһар тасы бар жүзіктің суретін жариялап, өзіне құда түскенін хабарлаған.
«Келістім. Бұл өмірімде де, барлық өмірлерімде де», – деп жазды ол сурет астына.
Спортшының Джорджинадан екі қызы бар. Сондай-ақ, Роналдудың 2010 жылы дүниеге келген Криштиану-кіші есімді ұлы бар. 2017 жылы футболшының суррогат анадан туған егіз балалары – Ева мен Матео өмірге келді. Родригес өз оқырмандарына өгей ұлдары мен қызын туған балаларындай жақсы көретінін айтқан.