Мамандар фольгаға орап пісіріп келмейтін балық түрлерін атады. Олар майлы әрі иісі өткір балықтарды, мысалы, скумбрия, майшабақ және сардинаны фольгада пісіру ұсынылмайтынын айтады. Өйткені бұл әдіс балықтың иісін күшейтіп, құрамындағы майдан ащы дәм бөлінуі мүмкін. Мұндай балықтарды грильде, ыстап не ашық түрде пісірген дұрыс, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сонымен қатар, терісі қалың, еті тығыз балықтар (палтус, сом) да фольгада пісіруге жарамайды. Оларды тұтас дайындағанда, балықтың іші толық піспей қалуы мүмкін, ал сыртқы қабаты, яғни терісі мен дәмі өзгеріп кетеді.
Мамандар фольгада балық пісіргенде оны толықтай жаппауға кеңес береді, яғни фольганы сәл ашық қалдыру қажет. Бұл балықтың қызып кетуіне жол бермейді. Алайда, тым ұзақ пісіруге де болмайды. Ең қолайлы уақыт 15 минут.
Бұған қоса, теңіз өнімдерін де фольгада пісірудің қажеті жоқ, себебі олар “резеңке” тәрізді қатты болып қалуы мүмкін. Оның орнына оларды грильде немесе пеште, ағаш таяқшаларға шаншып дайындау ұсынылады.