Криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін іздеу салынған Қазақстан азаматы Дубайдан экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз «Binance» криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан.
Қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу салынған.
Биылғы жылдың ақпанында ол Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.