Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот ашық түрде, мемлекеттік тілде өтіп жатыр.
Отырыс басталар алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының жұбайы, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі және олардың қорғаушылары кірді.
Айыпталушыны сот ғимаратына полиция көлігімен айдауыл жеткізді.