Белгілі тележүргізуші Мөлдір Доспаева Димаш Құдайбергеннің туған қарындасы Раушанның ұзату тойы қалай өткені туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Барлық дерлік таныс-жақыным, оқырманым өткен аптаның ең әдемі кешін әңгімелеп беруімді сұрап жатыр. Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, дайындық бірнеше ай бұрын басталды. Сценарий 2 апта жазылды. Ұйымдастыруға 100 шақты адам қатысты. 10 шақты бейнеролик, 1 шағынметражды фильм, 4 театрландырылған көрініс, 30 музыкалық номер дайындалды. Үзіліссіз, бір де бір секунд кідіріссіз 6 сағат жүргізіппіз. Бұл күні “Сәукеле кигізу”, “Құдағи жүзік тағу” рәсімдері насихатталып, “Шарғы орамал салу” дәстүрі жаңғырды. Осынау бұрынғыдан өзгерек тойды жүргізуді Ардақ Қасымхан екеумізге артқан Қанат аға мен Светлана ханымға тағы бір алғысымды айтамын», - деп жазды Мөлдір Доспаева.