Ресейде 600 жыл бойы ұйықтап жатқан жанартау оянды

/
Ресейде 600 жыл бойы ұйықтап жатқан жанартау оянды
сурет: ria.ru

Камчаткада бірнеше ғасырдан бері тыныш жатқан Крашенинников жанартауы қайта атқылай бастады. Бұл – ғылыми бақылау тарихында тіркелген алғашқы оянуы. Ғалымдардың айтуынша, мұндай белсенділік жақында болған қуатты жер сілкінісімен байланысты. Алдағы уақытта өңірде тағы да осындай табиғи құбылыстар болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz ria.ru-ға сілтеме жасап.

3 тамыз күні жанартау басты кратерінен 6 шақырым биіктікке күл мен түтін бағанын атқылап, оның етегінен жарықтар пайда болып, бу мен газдар шығарыла бастады. Бір күннен кейін, 4 тамызда Крашенинникова тағы да атқылап, бұл жолы күл биіктігі 4 шақырымға жетті.

Апаттың зардабы жайлы мәлімет берген ТЖМ өкілдері күлдің Тынық мұхиты бағытына қарай тарап жатқанын және елді мекендерде оның түсуі тіркелмегенін хабарлады. Өрт қаупі де жоқ – жанартау маңын лавалық және шлакты жазықтар қоршап жатыр.

Крашенинникова – Камчатканың шығысындағы Кроноцкий қорығының орталық бөлігінде орналасқан, теңіз деңгейінен 1856 метр биіктіктегі тау. Ол – қорықтағы сегіз белсенді жанартаудың бірі. Соңғы рет XV ғасырда атқылағаны белгілі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары