Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында күрес түрлерінен 11 медаль жеңіп алды

/
Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында күрес түрлерінен 11 медаль жеңіп алды
olympic.kz

Грекия астанасы Афинада күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) еншіледі.

Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын медаль иеленді.

Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

Еркін күрес шеберлері - Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары