Астаналық ер адам әйелді көліктің жүк салғышына салып, алып кеткен (ВИДЕО)

/
Астаналық ер адам әйелді көліктің жүк салғышына салып, алып кеткен (ВИДЕО)

Астанада әйелді көліктің жүк салғышында тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астаналық куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, желіде жариялады. Онда ер адам жүксалғышта жатқан әйелмен сөйлесіп тұрағанын, кейін ер адам жүксалғышты тарс жауып, көлікке мініп, кетіп қалағанын көруге болады.

«Аулада ұрысып тұрды, әйел жүксалғышқа өзі мініп алған», – делінген видеоның астында.

Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында 14 шілдеде болған.

Елордалық Сарыарқа аудандық полиция бөлімі құқықбұзушының осы факті бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады.

«Осы құқықбұзушылықты жасағаны үшін сот әкімшілік жаза тағайындады. Қазір құқықбұзушы Астана қалалық полиция департаментінің әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полицейлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары