Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.
Кейін конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті