Атырауда 40 миллион теңге жымқырған алаяққа сот үкімі шықты

/
Атырауда 40 миллион теңге жымқырған алаяққа сот үкімі шықты
istockphoto.com

26 жастағы ер адам техника сататын жеке серіктестікте жұмыс істеп, Instagram әлеуметтік желісіне жарнамалар орналастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жарнама жасап, қызығушылық танытқан адамдардан тауарды алдын ала төлеуді сұраған. Ақшаны ол ЖШС-іне тиесілі өз атына немесе әйелінің жеке кәсіпкерлік шотына аудартып, кейін қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде азаматтардың сеніміне кіріп, олардан алаяқтық жолымен 39 млн 955 мың теңге иемденген ер адамды ұстады.

"Мәселен, 32 жастағы азаматша 809 мың теңгеге компьютер сатып алуға келісіп, көрсетілген шотқа қаражатты аударған. Уәде етілгендей тауар 14 күн ішінде жеткізілуі тиіс болатын. Бастапқыда ер адам жеткізушілердің кінәсі немесе техникалық мәселелерді сылтауратқан, кейін тауар да, ақша да қайтарылмаған", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сол сияқты 28 жастағы ер адам компьютерлік техника сатып алуға келісіп, 21 млн  505 мың теңгесін аударып, алданған. Сондай-ақ 27 жастағы тағы бір жәбірленуші ойын компьютері үшін 12 млн теңгесін жоғалтқан.

Жедел іс-шаралар кезінде ЖШС-нің қазіргі иесі полицияға арызданған. Ол мекемені жақында ғана сатып алғанын және бұрынғы қарыздар туралы білген соң, алаяқтық фактісі бойынша хабар берген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары