Щучинск маңында жол апатынан бір отбасының үш адамы қаза тапты

/
Щучинск маңында жол апатынан бір отбасының үш адамы қаза тапты
Фото instagram.com/nayzakokshe/

Ақмола облысында Hyundai Elantra мен ВАЗ-2107 көлігі соқтығысып, үш адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай 3 тамыз күні сағат 18:30 шамасында Щучинск маңында Астана – Петропавл автожолының 243-шақырымында болған. ВАЗ-2107 көлігінде отырған бір отбасының үш мүшесі қаза тапқан.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Hyundai Elantra көлігі Астана бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен, сол жерде Көкшетау бағытына қарай келе жатқан ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан.

«ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары