"Өлуге тыйым салатын заң қабылданған": Испаниядағы ерекше елдімекен

/
"Өлуге тыйым салатын заң қабылданған": Испаниядағы ерекше елдімекен
сурет: stock.adobe.com

Испанияның Андалусия өңіріндегі Ланхарон атты шағын ауылда ерекше заң бар: мұнда өлуге болмайды. Иә, бұл – ресми түрде қабылданған ереже. 1999 жылы ауыл мэрі Хосе Рубио жергілікті зираттың толып кетуіне байланысты осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды turkystan.kz nypost.com-қа сілтеме жасап.

Жарлықта былай делінген: «Тұрғындар өз денсаулығына мұқият қарауға тиіс. Өлмеуге тырысыңдар, өйткені мэрия зират мәселесін шешіп үлгермеді».

Қызығы сол – бұл заң әзіл ретінде қабылданса да, әлі күшінде. Ауылда бір ғана зират бар, ал оны кеңейту мүмкіндігі 26 жылдан бері әлі табылмаған.

Бүгінде Ланхарон TikTok-та Gen Z буыны арасында танымал бағытқа айналды. Мұнда табиғат көркем, ал ауа райы – шипалы. Туристер бұны «өлместердің ауылы» деп атап кеткен.

Бұл бір Ланхаронға ғана тән емес. Осыған ұқсас заң Норвегиядағы Лонгйир ауылының тұрғындарына да қатысты. Онда климат тым суық болғандықтан, жерленген денелер ыдырамай, ғасырлар бойы сақталып тұрады. Ғалымдар тіпті 1917 жылғы тұмау вирусының тірі үлгісін сол жерден тапқан.

Сол себепті бұл жерде жұқпалы аурулардың таралуынан қауіптенгендіктен өлуге тыйым салынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары